Cемей34°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

Жұмысшы мамандық: Әскери техникалық мамандықтар

Кеше, 09:21 018.kz

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл қоғамдағы еңбек адамына деген құрметі арттыру мен жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын бағалауға серпін береді. Әскерилердің озық техниканы меңгеруі мен кәсіби біліктіліктілігін арттыруы ел тұрақтылығының негізі болып табылады. 

Қазіргі заманғы әскери күштердің тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірі – әскери техникалық мамандықтар. Бұл мамандықтарды игеру тек кәсіби дамуға ғана емес, сонымен қатар елдің қорғаныс қабілетін арттыруға да ықпал етеді. Әскер сапында жүрген азаматтар әскери техникалық білім алу арқылы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз үлестерін қосуға мүмкіндіктері бар. Сондай білікті мамандардың бірі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 32388 әскери бөлімінің аппаратура жөндеу маманы  сержант Бекжан Бекбосынов. Семей қаласындағы көлік колледжінде техник-механик мамандығын алған ол 2012 жылдан аталған әскери бөлімде қызмет етіп келеді. Әскери қызметші соңғы бірнеше жылдан бері техникалардың маңызды агрегаты саналатын жоғарғы қысымдағы жанармай насосын, яғни аппаратураны жөндейді. Жөндеу жұмыстарын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы деңгейінде жүргізетін ол Семейдегі танк жөндеу зауытында білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдаған. Оның айтуынша, аппаратураны жөндеуде өзіндік ерекшеліктері бар.

- Әр аппаратураның зауыттан шыққан кездегі өзіндік параметрлері болады. Сол арқылы арнайы құрылғыға салып, ретке келтіретін боламыз. Жоғарғы қысымдағы насосты бос күйінде, орташа және салмакпен тексеру керек. Агрегаттың негізгі жұмысы жанармайды қозғалтқышқа уақытылы жіберу болып табылады, - дейді сержант Бекжан Бекбосынов.

Кәсіби біліктілігі жоғары маман қай кезде де сұранысқа ие. Әсіресе, бүгінгідей инновациялық-индустриялық даму бағытын ұстанған еліміз үшін техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар аса қажет. Бұл – уақыт талабы. 

- Әскери бөлімдегі әскери техникалық мамандардың кәсіби деңгейінің жоғары болуы үшін барлық жағдай жасалған. Олар осы оқу жылы да білімдерін шыңдай түседі. Себебі кәсіби біліктілігі жоғары маман қай кезде де сұранысқа ие, - дейді 32388 әскери бөлімінің Автомобиль техникаларын жөндеу ротасының рота командирі аға лейтенант Ахан Джунисалиев.

Жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізілетін дайындықтың бірі  әскерилерді мамандық бойынша оқыту. Бұл маңызды шара да бүгінгі күні басты назарда. Аталмыш кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша алған білімдерін тағы бір мәрте шыңдап, пысықтай түспек.

Жалпы, әскери техникалық мамандықтар – бұл әскери салада қызмет ететін, техникалық білім мен дағдыларды талап ететін мамандықтар. Бұл мамандықтар әскери күштердің тиімділігін арттыру, заманауи әскери техниканы пайдалану және оны жөндеу, сондай-ақ әскери операцияларды жоспарлау мен жүзеге асыру үшін аса қажет.

Абай өңірлік гарнизоны баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив