Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

Абай облысында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» көшпелі отырысы өтті

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Атаулы шара Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменовтің құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде ғылыми кадрларды даярлау мен өңірлік ғылымды дамыту – елдің тұрақты дамуына ықпал ететін стратегиялық бағыт екенін атап өтіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

– Бүгін біз маңызды тақырыптарды талқылау үшін бір алаңға жиналдық. Өңірлік ғылымның дамуы – тек мамандар үшін емес, тұтас қоғам үшін өзекті. Абай облысы ғылымды, білімді, жаңа технологияларды қолдауға әрдайым ашық. Бұл кездесуден нақты ұсыныстар мен жаңа идеялар туындайды деп сенемін. Баршаңызға табысты жұмыс тілеймін – деді әкім орынбасары.

Шара аясында ядролық энергетика, цифрлық трансформация, ғылымның даму болашағы мен кадр даярлау мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері мен сарапшылар қатысты.

Сонымен қатар, «Аймақтық ауыл шаруашылығы үшін ғылым: ауыл шаруашылығын өзгерту үшін университеттік технологиялар – деректерден шешімдерге дейін» тақырыбында Шәкәрім университетінің халықаралық байланыс және инновациялар жөніндегі проректоры Ерасыл Дулатбай баяндама жасады. 

- Ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыдан жаңғыртпай, өңірлік экономиканың тұрақты дамуын елестету мүмкін емес. Бүгінде университеттер тек білім беретін емес, нақты шешімдер ұсынатын ғылыми орталыққа айналуы тиіс. Біз деректерге негізделген агротехнологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығында тиімділікті арттыра аламыз. Шәкәрім университеті бұл бағытта агросекторға арналған цифрлық шешімдер мен инновациялық жобаларды дамытуда. Ғылым мен өндірістің өзара байланысы – өңірлік аграрлық саясаттың негізі болуы керек, - деп атап өтті спикер.

Іс-шара соңында спикерлер мен қатысушылар арасында пікірталас өтіп, әр сала мамандары өз ұсыныстарын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив