Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Үржарда қоғамдық кеңестердің рөлін арттыруға арналған кездесу өтті

14-06-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Үржар ауданында «Қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін арттыру» жобасы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға жергілікті билік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді азаматтар қатысып, қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру, азаматтық белсенділікті көтеру және халықтың пікірін шешім қабылдау үдерісіне жүйелі түрде енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қоғамдық консультациялар тетіктері, ашық диалог алаңдарын құру жолдары, сондай-ақ жергілікті басқаруда халықтың рөлін күшейту бағыттары қарастырылды.

Мұндай кездесулер – қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтатын, халықтың қатысуымен қабылданатын шешімдердің сапасын арттыратын маңызды қадам. Бұл – тиімді, ашық және жауапты басқару қағидаттарына негізделген демократиялық үдерістердің нығаюына сеп болатын игі бастама.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив