Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Аягөзде қоғамдық диалог пен жергілікті басқаруды жетілдіруге бағытталған кездесу өтті

15-06-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданында «Қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін арттыру» жобасы аясында кезекті ақпараттық-талқылау кездесуі өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтар қатысты. Кездесу барысында қоғамдық консультацияларды тиімді ұйымдастыру тәсілдері, азаматтық белсенділікті көтеру жолдары және тұрғындардың пікірін шешім қабылдау процесіне жүйелі енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушылар қоғам мен билік арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуда ашықтық пен тұрақты диалогтың маңызын ерекше атап өтті.

Мұндай кездесулер – жергілікті басқарудың сапасын арттырып, халықтың басқару үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтетін маңызды алаң болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив