Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Нидерландтан шыққан атақты «Гауда» ірімшігі Бородулихада өндірілуде

Кеше, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданында орналасқан «Е.Зайтенов» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өндірісін жүйелі түрде дамытып келеді. 2001 жылы құрылған шаруашылық бүгінде 14 мың гектарға жуық жерді игеруде, оның негізгі бөлігі – егістік алқаптары.

Өткен жылы шаруашылық 4 895 тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақыл, 3 043 тонна күнбағыс жинады. Мал шаруашылығы бағытында да айтарлықтай жетістік бар – 1 400-ге жуық ірі қара мал өсіріліп, оның 400-ден астамы сауынды сиырлар. Жыл сайын 124 тонна ет пен 1 893 тонна сүт өндірілуде.

Шаруашылықта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу толық жолға қойылған. Ет және сүт өнімдерін өндіруге арналған толық циклді инфрақұрылым қалыптасқан. Сонымен қатар, кәсіпорынның өз наубайханасы жұмыс істейді. Ірі қараның симменталь тұқымын асылдандыру бағдарламасы да жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.

Шұжық цехында күніне жалпы салмағы 200 келіге дейін 13 түрлі өнім дайындалады. Ал Ивановка ауылында орналасқан сүт өңдеу цехында ай сайын 2 500 келі ірімшік пен 3 500 келі қаймақ өндіріледі. Қаптамалы сүт, түрлі майлылықтағы қаймақ, сары май мен «Гауда» ірімшігі Семей мен аудан халқы арасында жоғары сұранысқа ие.

Бүгінде қожалықта 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – ауылдағы тұрақты табыс пен әлеуметтік қолдаудың нақты үлгісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив