Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.44 593.15 6.52

Жас теміржолшылар студенттерге ҚТЖ-дағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

ЛКА колледжінде студенттер мен 2023-2024 жылдардағы түлектердің ҚТЖ адам ресурстарын басқару департаменті өкілдерімен және «ҚТЖ 100 жас тұлғасы» корпоративтік жобасының қатысушыларымен кездесуі өтті.  

Іс-шара барысында жас мамандар компанияның әлеуметтік өмірі, мансаптық мүмкіндіктері және ҚТЖ-дағы кәсіби өсу перспективалары туралы айтып берді. Олар сондай-ақ бейіндік бөлімшелердегі өз тәжірибелерімен бөлісті және өз қызметінің негізгі аспектілері туралы ойларын ортаға салды.

«Жас Темір» жас мамандарды дамыту бағдарламасына ерекше назар аударылды. Теміржолшылар студенттерді бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды, оның негізгі мақсаты Компанияның стратегиялық дамуын және тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін енгізуді ескере отырып, білікті кадрларды даярлау болып табылады.

Бағдарламаға іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі және бес кезеңнен тұрады. Оның басты артықшылығы — жеке тәлімгерлер-ҚТЖ тәжірибелі қызметкерлерінің басшылығымен жас мамандарды жедел дамыту. Бағдарлама компанияның әртүрлі бөлімшелерінде төрт ай ішінде үш ротация қарастырылған.

Кездесу соңында студенттерге бағдарламаға қатысу шарттары туралы толық мәліметтер бар ақпараттық парақшалар таратылды.

ҚТЖ кадрлық әлеуетті белсенді дамытуды және жастарды елдің көлік саласын дамытуға тартуды жалғастыруда. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив