Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

Қазақстан мен Қатар мемлекеттік қызметті цифрландыру бағытында ынтымақтастық орнатуға келісті

21-06-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада өткен халықаралық GovHR форумы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қатар Мемлекеттік қызмет және кадрлық әлеуетті дамыту бюросының директоры Саиф Аль Каабимен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар кадрлық процестердің цифрлық трансформациясы бойынша негізгі бағыттар жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу мен біліктілікті арттыруға арналған электрондық сервистерді дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ деректерді талдау, әдістемелік сүйемелдеу, меритократия қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Агенттік төрағасы мен Бюро директоры сараптамалық диалогты тұрақты түрде жалғастыруға және үздік тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив