Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.5 601.62 6.61

Абай облысында «Заң мен Тәртіп апталығы» басталды. Тұрғындар заңгерлік көмек алды

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ауқымды құқықтық акция — «Заң мен Тәртіп апталығына» бастау берді. Іс-шара облыстың барлық аудандарын қамтиды және оған құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысуда.

Апталықтың басталуы «Заңдылық керуені — қолжетімді заң көмегі» атты бастамамен ерекшеленді. Прокуратура, полиция және өзге де құқық қорғау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған мобильді топтар алыс елді мекендерге шығып, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кез келген азаматқа заңгерлік кеңес беруде. Негізгі басымдық — әр азамат үшін құқықтық ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығына берілуде.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық, жасөспірімдер арасындағы және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Тұрғындар тұрғын үй заңнамасына, еңбек дауларына, әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарын қойып, уәкілетті органдарға өтініштер мен арыздарды жазуға көмек ала алады.

Облыс прокуратурасы мұндай акциялар тек құқықтық көмек көрсетумен шектелмей, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға да бағытталғанын атап өтті.

«Заң мен Тәртіп апталығы» осы апта соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24 маусымында облыс прокуратурасы ашық есік күнін өткізді. Облыс тұрғындары іс-шараға белсене қатысып, өз құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив