ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Air Liquide» тобының вице-президенті Эмили Муран-Ренуармен кездесті

Кездесу барысында тараптар Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) аумағында сутегі өндіру қондырғысының құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Аталған жоба 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар тараптар компанияның Қазақстан экономикасының басым секторларындағы қатысуын кеңейту жөнінде пікір алмасты.
«Air Liquide» компаниясы Қазақстанға 2016 жылдан бері инвестиция салып келеді. Компания жүзеге асырған жобалардың жалпы көлемі €120 млн-нан асады. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында FOIK деп аталатын бірегей технологияны қолдана отырып, жаңа зауыттың құрылысы жүргізілуде, инвестиция көлемі – €100 млн-нан астам.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Абай облыстық мәслихатының сайлауына қатысатын партиялық тізім тіркеуден өттіМәжілісте сутегі энергетикасын дамыту мәселелері талқыландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі