Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Абай облысында 18 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін, 10:54 018.kz

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Департамент тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, 18 қызмет алушының жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзарту бойынша өтініштерін қарау кезінде заң талаптарына сай келмейтін қосымша құжаттар сұратылған. Мысалы, кейбір жағдайларда жер учаскелері ғимаратқа қызмет көрсетуге арналғанына қарамастан, қызмет беруші тарапынан құрылыс салуға рұқсат пен эскиздік жобаларды ұсыну талап етілген. Осылайша, артық құжаттарды талап ету арқылы қызмет көрсетуден, яғни жер учаскенің жалдау мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылған.

Бұл әрекеттер заңнамаға қайшы келіп, қызмет алушыларға артық талаптар қою арқылы олардың құқықтарының бұзылуына әкеп соққан.

Департаменттің жүргізген тексерісі мен қабылдаған шаралары нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттердің жолы кесіліп, 18 қызмет алушының құқықтары қалпына келтіріліп, жер учаскелерін пайдалану құқығы жаңа мерзімге ұзартылды.

Департамент мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіздер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіннің Абай облысы бойынша департаментіне Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 143А мекенжайы немесе 8 (7222) 35-41-68, 8(777) 749-09-08 нөмірлері бойынша, сондай-ақ EgovKzBot2.0 телеграм боты арқылы жүгіне аласыздар.

Өтініштер «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы беріледі.

Р. Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіннің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив