Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) негізсіз тағайындалмаған

Бүгін, 12:00 018.kz

Абай облысында екі көпбалалы отбасына 2025 жылдың II тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудан негізсіз бас тартылған. Бас тартуға себеп – көрсетілетін қызмет берушімен Әлеуметтік кодекс талаптарын дұрыс қолданбауы болды, бұл азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырды.

Отбасылар қабылданған шешіммен келіспей, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне шағымданды. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде заң бұзушылық фактілері расталды.

Азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Департаментпенқызмет көрсетушіге ұсыным енгізілді. Қарау қорытындысы бойынша, екі көпбалалы отбасыға 2025 жылдың II тоқсаны үшін жалпы сомасы 363 210 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Осылайша, азаматтардың құқықтары қорғалды, ал отбасылар тиесілі мемлекеттік төлемдерін алды.

Агенттіктің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыра отырып, әрбір азаматтың шағымы тиісті деңгейде қаралатынын атап өтеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіздер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіннің Абай облысы бойынша департаментіне Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 143А мекенжайы немесе 8 (7222) 35-41-68, 8(777) 749-09-08 нөмірлері бойынша, сондай-ақ EgovKzBot2.0 телеграм боты арқылы жүгіне аласыздар.

Өтініштер «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы беріледі.

Р. Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіннің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив