Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметтің азаматтық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі қаулыға өзгерістер енгізіледі

7-04-2023, 10:28 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады.

Қауіпсіздік Кеңесінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы шешімін іске асыру шараларының жоспарын орындау  мақсатында әзірленген құжатқа сәйкес, жоғары әскери білім ордалары оқытушыларының жалақысы тиісті мәртебелер бойынша азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтерілмек.

Түзету коэффициентін қолдану демалысқа шығу кезінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу бойынша тең тәсілді қамтамасыз ету бөлігінде Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 19 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14478578 сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив