Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ақсуат ауданында ветеринариялық қондырғылар орнатылуда

8-07-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығын жүйелі дамыту мақсатында ауылдық округтерде орталықтандырылған ветеринариялық қондырғылар (раскол) орнату жұмыстары жүзеге асуда.

2024 жылы Құмкөл және Қызылкесік ауылдық округтерінде 5 млн теңгеге қондырғылар салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде ветеринариялық қызмет көрсету сапасы жақсарып, мал иелері үшін қолайлы жағдай жасалды.

Биыл бұл тәжірибе жалғасуда. Ойшілік пен Сәтбаев ауылдарында заманауи қондырғылар орнатылып, қалған 5 округте жыл соңына дейін салу жоспарланған. Жалпы 7 елді-мекенге 26 млн теңге бөлінген.

Бұл бастама – ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы жылдары мұндай қондырғылар ірі елді мекендерде де орнатылатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив