Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
537.84 626.85 6.79

Бекжан Бапышев тағы да азаматтарды қабылдады

14-07-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қала тұрғындарын жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан қала тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, қоғамдық көлік қозғалысы, жарықтандыру, балалар ойын алаңдарының тозуы, көпқабатты үйлердің шатыры мен жертөлесін жөндеу, ауызсу, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй кезегі сияқты бірқатар түйткілді сұрақтар қозғалды.

Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындармен ашық диалог форматында пікір алмасу жүргізілді. Қабылдау нәтижесінде бірқатар мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив