Балаларға қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды да мәнді құжат.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Мен мектеп мұғалімдерінің әділетті Қазақстанды құруда шешуші рөл атқаратынына терең сенімдімін. Соңғы жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алайда, бұл бағытта оң өзгерістер қажет», - деді.
«Семей медицина университеті» КеАҚ оқытушысы Айсара Оралбекова балаларға қамқорлық мемлекеттік саясатпен қатар барлық халықты алаңдататын маңызды басымдық деп санайды.
Айсара Оралбекова әлемде түрлі келеңсіз жағдайлар мен кикілжіңдер туындап жатқан заманда Мемлекет басшысының ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгені еліміздегі татулық пен келісімнің негіз бола алатынын айтады. Республикамыздың күші де осында.