Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жартыжылдықта азық-түлік өндірісі 10%-ға өсті – сала қайта өңдеу бойынша үшінші орында

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Тамақ пен сусын өндірісінің өңдеу өнеркәсібінің құрылымында алатын орны 17,2%. Бұл ретте тек металлургия мен машина жасау ғана алда тұр. Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында саланың қазіргі ахуалы мен өсу қарқынын жеделдету шарасы қаралды.

2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 1,8 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10%-ға, белгіленген жоспардан 5,3 пайыздық тармаққа артық.

Өсім ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге (ет, сүт, қызылша және т.б.), сары май мен ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға, ҚҚС мөлшерлемесін 70%-ға төмендетуге, айналым қаражатын 5%-ға толықтыруға жеңілдікпен несие беруге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шарасы есебінен қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім көрсеткендер:

• сары май – +10,4%,

• шұжық өнімдері – +10,8%,

• өсімдік майы – +20,3%,

• балық өнімдері – +34,4%.

Маусымдық себептерге байланысты жарма өндірісінің төмендеуі байқалады. Кейбір өңірде кондитерлік өнім, консерві, ірімшік пен сүзбе шығару көлемі қысқарған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов түсіндіргендей, бұл негізінен шикізатты жеткізудегі үзіліс пен жеткізу нарығындағы шектеуге байланысты.

Жарты жыл ішіндегі сусын өндірісі 566,7 млрд теңге болды. Нақты көлем индексі 5%-ға өскен. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 3,7 пайыздық тармаққа жоғары. Алкогольсіз сусын өндірісінің 9,8%-ға өскеніне қарамастан оның өндірісінің төмендеуі тіркелді.

«Үкіметтің өткен отырысында әрбір сала министрі өздеріне қарасты кәсіпорынының экономикасымен айналысуы тиіс екенін айтқан болатынмын. Саладағы барлық кәсіпорынды бүге-шігесіне дейін зерделеп, олардың өсіміне кедергі келтіретін жайттарды жедел жоюы керек. Сауда және интеграция министрлігіне өңірлердегі өткізу нарығындағы жағдайды талдап, қажет болса, жеткізу қызметін басқа өңірлер арасында қайта бөлуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір ірі кәсіпорынның үлесін ескере отырып, азық-түлік өндіру жөніндегі жол картасын толықтырсын. Бәйтерек пен Аграрлық несие корпорациясы азық-түлік өндірісіне салынатын инвестицияға берілетін тапсырыс бойынша жұмысты жандандырсын», —   деді Серік Жұманғарин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив