Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады

22-07-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының отырысы өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Отырысты Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов жүргізді. Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің атынан Ресей Федерациясы полициясының генералы Владимир Колокольцев тең төрағалық етті.

Іс-шараға қос елдің ішкі істер министрліктеріндегі негізгі құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің басшылары қатысты.

Отырыс барысында екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы іздестіру бағытындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері, синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.

Тараптар аталған бағыттар бойынша келісілген ұстанымдар мен нақты іс-шараларды айқындап, тиісті шешімдер қабылдады.

Кездесу өзара сенім мен құрметке, сындарлы диалогқа негізделіп өтті. Қос тарап құқық қорғау органдары арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив