Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚР-да көші-қон және демографиялық саясатты дамыту бойынша жаңа бағдарламалық құжат әзірленеді

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында республикадағы көші-қон жағдайы туралы баяндады. 

Министрдің сөзінше елімізде көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Бүгінгі күні іс-шараның 83% пайызы, яғни 51 іс-шарадан 42 іс-шара орындалған. Тікелей нәтиже ретінде оң көші-қон сальдосы сақталып отырғанын атап өтті. Ішкі еңбек мобильділігі бойынша соңғы жылдары іскерлік белсенділік байқалады.

Ерікті қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде 2022 жылдан бастап 28 мыңға жуық адам қоныс аударған. Жалпы, қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдо деңгейін 4 есеге төмендетуге қол жеткізілді. Ағымдағы кезеңде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша қабылданған шаралар олардың солтүстік өңірлерден нөлдік мәнге кету деңгейін төмендетуге ықпал етті. 

Министрдің мәліметінше бүгінде Қазақстанның алдында көші-қон үдерістерінің мынадай сын-қатерлері тұр:

  • шектес елдердегі тұрақсыздыққа, солтүстік және батыс өңірлерге трансшекаралық көші-қон қысымына және Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдалануларына байланысты геосаяси;
  • елдің солтүстік және шығыс өңірлерінен халықтың тұрақты көшуінен, өңірлік демографиялық диспропорцияның тереңдей түсуімен, урбанизациямен және мегаполистердегі шамадан тыс  халық тығыздығынан туындаған демографиялық;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әлсіз ықпалдасуымен байланысты, көшіп-қонушылар үшін цифрлық экожүйелердің жеткіліксіз дамуымен және көші-қон ағындарын болжау үшін Big Data, жасанды интеллектті пайдаланудың болмауымен технологиялық сын-қатерлер бар.

«Әлемдегі қазіргі ситуациядан және жаһандық геосаяси өзгерістерден туындайтын аталған сын-қатерлер елдегі анықталған ішкі тәуекелдермен бірге жаңа көші-қон шешімдерін іздеу қажеттілігін анықтап берді. Жалпы алғанда, қолданыстағы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен цифрлық инфрақұрылым элементтерінің болғанына қарамастан, ұлттық деңгейде демографиялық болжау мен көші-қонды басқаруға бір мезгілде тәсілдерді біріктіретін стратегиялық құжат жоқ. Қазіргі ситуация басқарудың деңгейі мен сапасын арттыруды, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қайта реттеуді және толыққанды мониторингті талап етеді», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінде берген 2025 жылғы 2 шілдедегі тапсырмасына сәйкес Еңбек министрлігі 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының көші-қон және демографиялық саясатын дамыту жөніндегі жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуге кірісті.

Ведомство басшысының мәліметінше Қазақстанда халықаралық және еңбек көші-қонын басқару үшін бірінші стратегиялық бағыт шеңберінде мыналар ұсынылады.

  • Еңбек көші-қоны бойынша бірыңғай цифрлық платформаны іске асыру.
  • Білікті кадрларға баса назар аудара отырып, еңбек мигранттарын іріктеудің, есепке алудың және интеграциялаудың электрондық механизмдерін енгізу.
  • Заңсыз жұмыспен қамтуды, көлеңкелі экономика мен жалған келісімшарттарды бақылау шараларын күшейту. Еңбек жағдайларының мониторингі және шетелдік жұмысшылардың құқықтарын қорғау.
  • Дефицит салалар үшін квоталарды қайта қарау. Ұйымдастырылған көші-қон арналарын кеңейту.  

Екінші стратегиялық бағыт – ішкі көші-қонды ынталандыру. Кешенді тәсіл арқылы ішкі еңбек мобильдігін іске асыруды қайта қарау ұсынылады. Алдымен инфрақұрылымды – содан кейін көшу және жұмыспен қамту жүйесі арқылы еңбек тапшылығы бар өңірлерге ішкі көші-қон үшін жаңа ынталандыру шараларын әзірлеу. Көрсетілетін бейімдеу және интеграциялық қызметтер шаралары деңгейін одан әрі арттыру және жетілдіру. Бұл мәселеге үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыру қажет. Этникалық репатриация институтын дамыту шеңберінде негізгі міндеттер – қандастардың мәртебесіне, есебіне және сүйемелдеуіне, оның ішінде «Қандастар» цифрлық платформасы арқылы көзқарастарды қайта қарау жүргізіледі. 

Министрдің сөзінше еліміздегі еңбек дефициті бар өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, қоныстандырудың өңірлік бағдарламалары әзірленетін болады. 

«Осылайша, елге келген этникалық қазақтарды демографиялық тапшылығы басым өңірлерге ғана бөлу жоспарланып отыр. Бейімделу шараларын одан әрі жетілдіру: тұрғын үй, оқыту, тілдік интеграция, кәсіби бағдар беру. Интеграция мен кері байланыс механизмдерінің сәттілігіне мониторинг жүргізу. Төртінші стратегиялық бағыт шеңберінде демографиялық тұрақтылықты арттыру ұсынылады. Осы мақсатты іске асыру отбасыларды қолдауға және балалардың тууына бағытталған отбасылық саясатты дамытуды көздейді. Белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау және қарттарды әлеуметтік және экономикалық өмірге біріктіру шараларын қайта қарау. Жалпы, демографиялық жүктемені болжау және жаңа өсу нүктелерінің сценарийлері негізінде инфрақұрылымдық шешімдерді қалыптастыру. Бесінші стратегиялық бағыт шеңберінде білім беру көші-қонын  арттыру талап етіледі. Басқарудың жаңа моделі мынадай бағыттар бойынша құрылады: еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан білім алушылардың мүмкіндіктерін теңестіру, экономика, білім беру және аумақтық даму қажеттіліктеріне көші-қон бойынша теңгерімді шаралар. Алтыншы стратегиялық бағыт шеңберінде көші-қонды цифрлық басқарудың зияткерлік экожүйесін құру қажет», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Ведомство басшысының айтуынша көші-қон және демографиялық үдерістердің цифрлық басқарылуын, ашықтығын және болжамдылығын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін ұлттық бірыңғай платформасы енгізілетін болады. Азаматтарға арналған цифрлық сервис кеңейтіледі: хабарламалар, мәртебелер, онлайн-сүйемелдеу. Демографиялық және көші-қон сын-қатерлерінің күшеюі жағдайында Қазақстанға барлық көші-қон және демографиялық өзгерістерге жедел ден қоюға және ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге қабілетті бірыңғай талдау орталығы қажет. Осыған байланысты, жетінші стратегиялық бағыт шеңберінде көші-қон және демографиялық саясатты сапалы іске асыру, тиісті үйлестіруді қамтамасыз ету үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мамандандырылған даму орталығын құру ұсынылады. Орталықты құру және оның қызметін ұйымдастыру бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді. Жалпы, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясат жоғарыда айтылғандай қысқа, орта және ұзақмерзімді кезеңдерде оқиғалардың дамуының болжамды сценарийлерін әзірлеу үшін деректердің үлкен массивтерін өңдеудің заманауи ақпараттық жүйелерімен және технологиялармен сүйемелденетін болады.

Атап айтқанда, сапалы шешімдер қабылдау үшін ең транспарентті скорингтік жүйені қалыптастыра отырып жасалады. Бұл болжау сапасын да, жоспарланатын және іске асырылатын шешімдердің тиімділігін де арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге іс-шаралардың жүзеге асырылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету мүмкін болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көші-қон саясатын жетілдіру бойынша қойылған міндеттерді іске асыруға дайын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив