Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

ҚТЖ-да Қазақстан мен Грузия арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

22-07-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 22 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Грузия экономика және орнықты даму министрінің орынбасары Гурам Гурамишвили және «Грузин темір жолы» АҚ Бас директоры Лаша Абашидземен кездесті.

Қазақстандық теміржолшылар теміржол және терминал инфрақұрылымын кеңейту, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан шыққан контейнерлік пойыздардың ТХКБ арқылы өтуі 33 есеге артқан.

Кездесуде екі елдің теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықтың келешегі де қаралды. Атап айтқанда, ТХКБ аясында мультимодальды сервисті дамыту мақсатында құрылған Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорнының жұмысына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қонақтар логистикалық процесстерін жеңілдетіп, жүк тасымалдарының ашықтығын арттыратын «Бірыңғай цифрлық терезе» платформасының жұмысымен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив