Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚазҰУ-да жерүсті спутниктік станциясы салынады

Кеше, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Хайнань спутниктік деректер орталығы және Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлескен жерүсті спутниктік станциясы салынады.

Хайнань провинциясының Қытай халық саяси кеңесінің комитеті (ҚХСКК) делегациясымен өткен кездесуде спутниктік жерүсті станциясын орнату және оның орнын таңдау туралы хаттама-келісімге қол қойылды.

ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов өз сөзінде:

«Өткен жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-батыс политехникалық университеті микроспутник арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша келісімге қол қойды. Аталған келісімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бірлескен мәлімдемесінде қол жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта біздің ғалымдар СБПУ-дағы әріптестермен бірлесіп келесі буындағы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы университеттік микроспутник болып табылатын NKSAT жобасын әзірлеуде», – деді.  

Жалпы құны 3 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба аясында ҚазҰУ аумағында Хайнань спутниктік деректер орталығы және СБПУ-мен бірлесіп жерүсті станциясын орнату жоспарлануда. Бұл станция Х-диапазонда жұмыс істеп, біздің спутниктермен қатар, басқа елдердің спутниктерінен де сигнал қабылдап, өңдеуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Хайнань провинциясы ҚХСКК төрағасының орынбасары Ли Голян университетке жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, Хайнань спутниктік деректер орталығының жерүсті станциясын құру тараптар арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашатынын атап өтті.

Өзара келісім негізінде ҚазҰУ-дағы Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалы базасында жерүсті қабылдау станциясын орнату бойынша бірлескен жұмыстар атқарылады. Жоба Қазақстан мен шекаралас аумақтарда спутниктік деректерді тарату, алмасу және тиімді пайдалану мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив