Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жол құрылысы сапасына жауапты техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігі күшейтілді

Кеше, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда автожолдарды салу және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Оның маңызды бағыттарының бірі – жол құрылысы жұмыстары барысында техникалық және авторлық қадағалау талаптарының күшейтілуі болды.

Енді автожолдардың құрылысы мен жөндеуін қадағалайтын ұйымдар жол құрылысы саласындағы кәсіби мамандарды штатқа алуға міндетті. Бұған дейін аккредитация алу кезінде бұл талап міндетті болып саналмаған. Жаңа өзгеріс бақылау сапасын арттыруға және жол жөндеу жұмыстарының қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, қадағалаушы мамандардың құқықтық жауапкершілігі де күшейтілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, техникалық және авторлық қадағалау жүргізетін тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілді. Бұл олардың қызметін тиісінше орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Қабылданған шаралар еліміздің автожол инфрақұрылымының сапасын арттыруда маңызды кезең болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив