Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ардагерлер ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысты

Кеше, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлағатты өлке – Абай, ұлылар мекені – Семей» атты мәдени-рухани іс-шара өтті. Жиынға облыс және қала басшылығы, ардагерлер, зиялы қауым мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты шара Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының алдында басталып, мемлекеттік әнұран орындалды. Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жиналған жұртты мерекемен құттықтап, ұлы ойшылдың рухани мұрасына құрмет көрсету — ұрпақ парызы екенін атап өтті.

– Қазақ халқының рухани көсемі, данышпан ойшылы, ұлы ақын Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл шарада өздеріңізбен қауышқаныма қуаныштымын. Бұл іс-шара Абай облысы Семей қаласының Ардагерлер кеңесі мен облыс және қала әкімдігінің бастамасымен елдік мұраға деген құрметімізді білдіріп, ұлы Абайдың өшпес өнегесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр, – деді Бекжан Бапышев.

Шараның жалғасы Абай алаңында өтті. Жиналған жұрт ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Осы тұста Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов те сөз алып, бұл бастаманың ұлт руханияты үшін айрықша мәнге ие екенін жеткізді.

Мерекелік іс-шара Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейінде қорытындыланды. Мұнда «Абай әлемі және Яссауи» атты көрменің салтанатты ашылуы өтіп, ақын шығармашылығы мен түркі руханияты арасындағы үндестік кеңінен таныстырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив