Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Үздіксіз сауда: 1,5 миллион адам және 750 мың кәсіпкерлік субъектісі

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Сауда - Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Ол жалпы ішкі өнімнің шамамен 19 пайызын құрап, 1,5 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде салада 748 545 кәсіпкерлік субъектісі, 626 базар мен 142 мыңнан астам бөлшек сауда нысаны жұмыс істейді.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сауда саласында тұрақты оң динамика байқалды. Сауданың нақты көлем индексі (НКИ) жоспарланған 8%-дың орнына 8,4%-ды құрады. Сауда көлемі номиналды мәнде 31,4 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде, көтерме сауданың НКИ 109,2%немесе 21,2 трлн теңгебөлшек сауданың НКИ 106,6% немесе 10,1 трлн теңге болды. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкескезеңінен едәуір жоғары. Еліміздің барлықөңірлері өсім көрсетіп, сауда саласының тұрақтылығы мен тартымдылығын дәлелдеді.

Шикізаттық емес экспортты дамыту - министрліктің басты басымдықтарының бірі. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында өңдеу өнеркәсібі секторындағы тауар айналымы 25 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспорт көлемі 7,8 млрд АҚШ долларынқұрады. Аталған кезеңде күнбағыс майы 69,5%-ға, жануарларға арналған азықөнімдері 2,5 есеге, өңделмеген жәнежартылай өңделген алтын экспорты 52,7%-ға артты. Қазақстандық өнімдердің негізгі экспорт нарығы - Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, АҚШ, Нидерланд, Франция және Жапония.

Осы кезеңде Тегеран (Иран), Будапешт (Венгрия), Сиань және Чунцин (Қытай), Кабул (Ауғанстан) қалаларында сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам отандық экспорттаушы қатысып, азық-түлік, агроөнеркәсіп, металлургия, химия, құрылыс, медицина және логистика салаларындағы өнімдерін ұсынды. Нәтижесінде жалпы сомасы 333 млнАҚШ доллары және 15 млн еуро болаты нкоммерциялық құжаттарға қол қойылып, шетелдік серіктестердің қазақстандық тауарларға деген жоғары қызығушылығын көрсетті.

Министрлік экспорттық акселерация бағдарламасын сәтті іске асыруда. Қазіргі таңда 120 компания экспорттық қызметін жедел дамытуда. Бұл ретте оларға кеңес беру, сүйемелдеу және шығындарды өтеу түрінде кешенді қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, отандық бизнестің халықаралық сауда-көрме іс-шараларына, оның ішінде қазақстандық өнімдерді Қытай нарығына шығаруға жол ашатын Шанхай импорттық көрмесіне қатысуы ұйымдастырылып жатыр.

Экспортты қолдаудың қолданыстағы шараларыда үздіксіз жетілдірілуде. Бұл - жаңа экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды дамытуға және олардың халықаралық нарықтарда табысты бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы алты айында комитет пен оның аумақтық бөлімшелеріне 27 889 өтініштүсті. Нәтижесінде тұтынушылардың құқығы толық қорғалып, 881,4 млн теңге қайтарылды.

Сауда - бұл жай ғана экономикалық қызмет емес. Бұл - күн сайын халық пен кәсіпорындарды қажетті тауарлар мен қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған миллиондаған қазақстандықтың қажырлы еңбегі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі барлық сауда саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды. Елдің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да табыс, тұрақтылық пен өрлеу тілейміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив