Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында табиғатты қорғауға бағытталған кең ауқымды экологиялық шаралар өтті

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының барлық аудандарында 28 шілде күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең көлемді сенбіліктер ұйымдастырылды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың туған жердің көркеюіне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Бесқарағай ауданында да жалғасты. «Інжу маржанымызды сақтайық» ұранымен ұйымдастырылған акция барысында Святой ключ бұлағының маңы күл-қоқыстан тазартылды. 55-ке жуық адам мен 2 арнайы техника жұмылдырылды.

Атап айтқанда, Жарма ауданында Ханым өзені бойында «Таза өзен – таза жағалау» атты экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында өзен жағалауы күл-қоқыстан аршылып, жастар ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері жоғары белсенділік танытты.

Ал Абай ауданында саябақтар мен қоғамдық орындар, көше бойлары тазартылды. Сенбілікке 600-ге жуық тұрғын қатысып, нәтижесінде 2493,5 тонна қатты тұрмыстық қалдық арнайы техникамен сыртқа шығарылды.

Аягөз ауданы да бұл шарадан тыс қалмады. «Битан тау» аллеясында өткен сенбілікке 60-қа жуық ерікті жас атсалысып, тазалық жұмыстарымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер жүзеге асырылды.

Бородулиха ауданында бұл акция «Семей орманы» көшетханасы аумағында «Табиғатты аялайық!» атауымен өткізілді. Қатысушылар жас көшеттерді арамшөптерден тазартып, орман қорын жаңғырту ісіне өз үлестерін қосты.

Сол күнгі шаралар Көкпекті ауданын да қамтыды. Мұнда тарихи маңызға ие «Илья бұлағы» саябағында бұлақ көздерін ашу және аумақты санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл — Ұлы Отан соғысының ардагері Илья Бирюков отырғызған бағбандық аймақ болғандықтан, акцияға рухани және тәрбиелік мән берілді.

Курчатов қаласында облыс құрылған күнге орай Абай скверінде сенбілік өтті. Іс-шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысып, олардың бірлескен еңбегі ұрпақтар сабақтастығын, қоғамдық келісім мен ортақ жауапкершілікті айқындай түсті.

Сондай-ақ, Үржар ауданында да кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Абылайхан даңғылы бойындағы жұмыстарға 30-дан астам мекеме мен ұйымның өкілдері тартылып, 300-ге жуық адам қоғамдық аумақты абаттандыру мен жасыл желектерді күтіп-баптау ісіне атсалысты.

Аталған сенбіліктер мен экологиялық бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жоспарланған жүйелі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив