Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан СІМ-де қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронамен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар қазақ-мажар ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, білім беру және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ екіжақты сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударды.

А.Исетов Қазақстанның Еуропалық одақтағы жақын әрі сенімді әріптесі Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті шынайы бағалайтынын атап өтті. «Астана мен Будапешт арасындағы өзара сенімге негізделген саяси диалогтың жоғары деңгейі – екіжақты қатынастардың айрықша белгісі. Екі ел халқын ортақ тарихи және мәдени тамырлар байланыстырады» – деп мәлімдеді қазақ дипломаты.

Кездесуде алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шараларға дайындық мәселелеріне басым көңіл бөлінді.

Кездесу соңында Министрдің орынбасары Елшіге екіжақты байланыстарды дамыту жолындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив