Аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аккредитация субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл өзгертулер ашықтықты арттыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Енгізілген өзгерістер:
- субъектінің өтініші бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін +5 жұмыс күніне ұзарту;
- мониторинг нәтижелері бойынша міндетті деректемелері бар қорытындыны ресімдеу;
- аккредиттеу органы сайтында тоқсан сайын статистика мен тексерілген субъектілер тізімін көрсете отырып жария есептілік жүргізу;
- әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда ғана материалдарды уәкілетті органға беруді қамтиды.
Аталған өзгерістер мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ашықтығын, икемділік және аккредитация жүйесіне қатысушылардың мүдделерін ескеруге мүкіндік береді. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттыруға, аккредиттелген ұйымдар үшін тәуекелдерді азайтуға және аккредиттеу органы мен субъектілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Өзгерістер 2025 жылдың 8 тамыз айынан бастап күшіне енеді.