Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

АҚТАЙЛАҚ БИ

Ақтайлақ Байғараұлы - 1720 ж. Сыр бойында дүниеге келген, 19-ғасырдың орта шенінде Аягөз ауданының Сарыарқа ауылында дүниеден озған би, шешен, қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат. Қу дауысты Құттыбай бидің немересі. Әкесі Байғара би. Ақтайлақтан Сабырбай ақын туады. Сабырбайдың қызы Қуандық. Одан Көбдікұлы Төлеу ақын туған. 1720-1816 жылдары өмір сүрген қазақ ақыны Ақтайлақ найман руының Сыбан табынан шыққан. Ақтайлақ озық ойлы шешендік толғау өлеңдерімен, парасатты биліктерімен «Қазақтың қара тілдісі», «Қара тілдің шешені», «Халық атасы» атанған. Алқалы топты аузына қаратқан белгілі би, ақиық ақын болған адам. Ақтайлақ қазақ әдебиеті тарихында Жанақпен айтысқан «Сыбаннан шыққан он жеті ақын» деген атпен белгілі ақындар тобының көшбасшысы әрі ұстазы болған.

Ақтайлақ би кесенесі – 18 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші. Аякөз қаласының солтүстік-шығысында 55 км жерде Сарарқа ауылынан 17 шақырым жерде кесене соғылған. Кесене қорымның оңтүстік жағындағы тегіс дөңеске тұрғызылған. Орта жүздің әйгілі биі, ақыны Ақтайлақ қабіріне орнатылған. Кейінгі 1990 жылдары белгілі дәрігер Мұхтар Айтқазин бастаған Ақтайлақ бидің ұрпақтары мен аудан жұртшылығының күшімен кесене реставрациядан өтіп, Сарарқа ауылына қарасты сәулетті архитектуралық ескерткішке айналды.

2016 жылы Сарыарқа ауылының орталығынан Ақтайлақ би, Байғара би ұрапағы Дәулет Жұмағұлов 3 млн теңгеге ескерткіш – бюст орнатты. Авторы – Қоңыртай Мұхамедиев.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив