Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.63 622.23 6.71

Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында алғашқы нысанның құрылысы басталды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа «Semey Smart City» ықшам ауданында 5000 адамға арналған мешіттің құрылысы бастау алды. Ғибадат орны қоғамдық қордың қаражаты есебінен салынады. Құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Мешіт «Semey Smart City» ықшам ауданындағы ең ірі әрі сәулеттік келбеті ерекше нысандардың бірі болмақ. Мұнда бір мезетте 5000 адам құлшылық ете алады. Үлкен қатымхана да қарастырылған. 

Аймақ басшысы құрылыс басында мешіттің облыс аумағындағы ең ірі ғибадат орны болатынын атап өтті. 

«Архитектуралық сәулеті келіскен, ерекше мешіт салынайын деп тұр. Абай елі, Семей жұрты көптен күткен мұндай ауқымды мешіт облысымызда ғана емес, осы төңіректе жоқ. Халыққа тек рухани ғана емес, мәдени қызмет көрсететін орталық болады. Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясындағы мұсылман жамағаттың бірлескен жобасы деп айтуға болады. Бұл мешіт Алаштың рухани астанасына өте қажет. Осындай қолы ашық, жомарт жандардың демеушілігімен салынғалы жатыр. «Абайға құрмет» акциясы аясындағы алғашқы үлкен жоба болайын деп тұр», - деді облыс әкімі.

Жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған заманауи тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар мен демалыс аймақтары салынады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің бірнеше өңірі Семей қаласында бір нысан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы Достық үйін, Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы «Келешек» мектебін, Ақтөбе облысы жекпе-жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы рәміздер алаңын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» орталығын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақты, Атырау облысы «Абай әлемі» орталығын, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағажайын абаттандыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ облыс әкімдігі мен «Самұрық қазына» әл ауқат қорының бірлесуімен жақында қалада дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив