Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

«Мүдделер қақтығысын реттеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбында семинар өтті

Бүгін, 17:26 018.kz

Іс-шара Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі жүргізетін профилактикалық семинарлар жоспары аясында, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қызметтік әдеп стандарттарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Лектор ретінде арнайы шақырылған қонақ — Даурен Есалыұлы Ақшалов, комплаенс және тәуекелдерді басқару бойынша дипломды сарапшы, ICA (Ұлыбритания) халықаралық біліктіліктерінің иегері, ICA Compliance Champion 2022 және «ТМД-дағы үздік комплаенс» 2023 сыйлықтарының жеңімпазы, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық нормалары, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл туралы» Заң, Еңбек кодексінің 26-бабы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары қарастырылды.

Қатысушыларға мүдделер қақтығысының үлгілік жағдайлары және онымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері турала айтылды: тағайындаулардағы непотизм мен туыстық, жеткізушілермен және мердігерлермен аффилиирлену, конкурстық рәсімдердің бұзылуы, инсайдерлік ақпаратты пайдалану, аккредиттеу, лицензия беру және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі қайшылықтар.

Ерекше назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілеріне аударылды — кландық байланыстар, жалған тендерлер, жеткізушілердің келісімі, сенімсіз декларациялау, сондай-ақ кадрлардың министрлік пен ведомстволық ұйымдар арасында «айналмалы есік» қағидаты бойынша орын ауыстыру проблемасы.

Лектор мүдделер қақтығысын анықтау кезінде әрекет ету алгоритмін айқындады, оған басшылықты жазбаша хабардар ету, мәселені қараудан шеттету, лауазымдық міндеттерді өзгерту немесе басқа лауазымға ауыстыру кіреді. Сондай-ақ алдын алу шаралары талқыланды: кадрлық тағайындаулардың ашықтығы, қызметкерлердің курирленетін құрылымдарға ауысуына мораторий енгізу, ведомстволық ұйымдарға кадрларды қабылдау бойынша сыртқы аудит жүргізу.

Семинар практикалық кейстер мен мемлекеттік органдар мен ведомстволық ұйымдардың қызметіндегі мүдделер қақтығысының нақты жағдайларын талқылаумен аяқталды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде «сұрақ–жауап» интерактивті блогы өткізіліп, қатысушылар нақты жағдайлар бойынша түсініктемелер мен оларды шешу жөнінде ұсыныстар алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив