Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.58 622.75 6.71

Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық тауарлар каталогі іске қосылады

Кеше, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық тауарлар каталогі барлық негізгі үдерістерді қамтамасыз ететін баяндады.

Вице-министрдің сөзінше бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік сатып алуларда, кеденде, электрондық шот-фактураларда, таңбалауда, статистикада, чектерде көптеген әртүрлі анықтамалықтар мен каталогтер қолданылады. Бұл деректердің қайталануына және сәйкессіздіктерге әкеледі, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің есебін жүргізуді және қадағалау жұмыстарын жүргізген кезде қиындықтар тудырады. 

«Аталған мәселенің шешімі – «Ұлттық тауарлар каталогі» мемлекеттік деректер қорын құру. Ұлттық тауарлар каталогі барлық негізгі үдерістерде: сауда, кеден, Мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау және орындау кезінде бірегей GTIN/ NTIN кодтары бойынша деректердің бірыңғай эталонын және тауарларды түпкілікті сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Жалпы, бүгінгі таңда үш деңгейлі жіктеу жүйесі қалыптасуда: біріншісі, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай жіктеуіші, екінші, Ұлттық тауарлар каталогі, үшінші, таңбалау. Тауардың өмірлік циклі өндіруден немесе импорттаудан басталады, оған бірегей NTIN коды және тиісті жіктеуіштер беріледі. Одан кейін деректер Ұлттық тауарлар каталогіне түседі және әрі қарай мемлекеттік сатып алуда, саудада, кеденде, маркировкада қолданылады. Ақпарат жинақталып, бюджет жоспарлауды тиімді жүргізу, тауар айналымын бақылау және баға талдау мақсатында пайдаланылады», — деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Оның сөзінше Ұлттық тауарлар каталогін қалыптастыру шеңберінде барлық негізгі деректер көздерін біртіндеп қосу жұмыстары  жүргізілуде. Бұл бөлшек саудагерлер мен сауда желілері, электрондық сауда алаңдары, фискалдық деректер операторлары, бақылау-кассалық машиналар (БКМ), сондай-ақ мемлекеттік және кедендік ақпараттық жүйелер, электрондық шот фактуралары (ЭШФ) және тауарды есепке алу жүйелері болып саналады.

Сонымен қатар вице-министр бүгінгі таңда Ұлттық тауарлар каталогін міндетті түрде қолдану бойынша Сауда қызметі туралы Заңға қол қойылғанын, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетінін және Ұлттық тауарлар каталогін бақылау-кассалық машиналарда қолдану жөніндегі тиісті Қағидалар бекітілгенін атап өтті.

Заң мен Қағидаларды жүзеге асыру аясында Ұлттық тауарлар каталогін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілген. 

«Каталогтегі деректер саны 15 млн тауарды құрады. Бүгінгі күні 10 млн-нан астам NTIN/GTIN коды бар чектер фискалдық деректер операторларына жіберілуде. Анықтамалық кодтар сәйкестендіріліп, оның қорытындысы бойынша 23 мың ТЖҚ БНА (тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамалығы) коды (60%) және 4 мың СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) коды (30%) берілді. Ұлттық тауарлар каталогіне тауарларды жүктеу және түсіру үшін API сервистері іске асырылды. Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай жіктеуіші бойынша Ұлттық тауарлар каталогінің құрылымының жіктеуін толықтыру және өзектендіру үшін жеке кабинеттің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) жүзеге асырылды. Осы жылы Ұлттық тауарлар каталогін елдің бүкіл аумағында және барлық салаларда енгізу жұмыстары жалғастырылады», — деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Вице-министрдің сөзінше тауарды сату үшін NTIN коды жасалып, негізгі сипаттамалары тағайындалады. Мемлекеттік сатып алуларға және кеңейтілген сауда қызметіне қатысу үшін тауардың толық сипаттамасы (жіктеуіштер, фото, идентификаторлар) талап етіледі, ол Ұлттық тауарлар каталогі деректерінің бірыңғай көзінде толтырылады. Сатып алуларға қатысу, отандық өндіруші мәртебесін алу, сондай-ақ сертификаттар мен мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану сияқты артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Ұлттық тауарлар каталогі бюджетті жоспарлау жүйесі, кеден, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ), бөлшек сауда желілері, фискалдық деректер операторлары (ФДО), бақылау-касса машиналары (БКМ), тауарды есепке алу жүйелері және электрондық сауда алаңдары сияқты негізгі мемлекеттік және коммерциялық ақпараттық жүйелермен интеграцияланады. 

Ұлттық тауарлар каталогін мемлекет бойынша енгізу мақсатында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Премьер-министрден мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесідей шараларды тапсыруды сұрады:

  • нормативтік құқықтық актілерді талдап, Ұлттық тауарлар каталогіне кодтарын міндетті түрде қолдану бөлігінде өзгерістер енгізу;
  • ведомстволық ақпараттық жүйелерді Ұлттық тауарлар каталогімен интеграциялау;
  • Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай жіктеуішіні Ұлттық тауарлар каталогінде жіктеу және өзектендіру;
  • бюджет жоспарлау үдерістерін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай жіктеуішіге көшіру;
  • Ұлттық тауарлар каталогін тұрақты түрде толықтырып отыруды қамтамасыз ету;
  • Ұлттық тауарлар каталогін 2026 жылдан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізу;
  • Ұлттық тауарлар каталогін сүйемелдеу бойынша қаржыландыруды айқындау.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив