Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.58 622.75 6.71

Техникалық реттеу саласындағы жаңа тәртіптер бекітілді

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 1 тамызында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысы шеңберінде техникалық реттеу саласында кейбір актілер қабылданды

  1. ЕЭК кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттің ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы қабылдаған шаралардың негізділігі туралы өтінішін ЕЭК қарау тәртібін бекітті.

Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында туындайтын мемлекеттік қадағалау қорытындылары бойынша даулы мәселелерді қарау және реттеу рәсімін белгілейді.

Тексерілген сараптамалық ұсынымдар негізінде ЕАЭО техрегламенттерінің талаптарын орындауға қатысты әкімшілік ден қою шараларының негізділігін қарау қамтамасыз етіледі.

  1. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентіне "Екінші деңгейдегі" екі құжат қабылданды (ЕАЭО ТР 041/2017) – бұл ЕАЭО химиялық заттар мен қоспалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі және ЕАЭО – ға мүше мемлекеттермен бірлесіп ЕЭК әзірлеген жаңа химиялық заттарды нотификациялауды жүргізу тәртібі.

ЕЭК Кеңесінің тәртіпті бекіту туралы шешімін қабылдаудың мақсаты - "химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" ЕАЭО техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 041/2017) ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Олардың негізі ЕАЭО аумағында айналымдағы химиялық өнімдердің бірыңғай тізілімін құру рәсімдерін біріздендіру, сондай-ақ жаңа химиялық заттарды нотификациялау болып табылады. Бұл нарық қатысушыларының химиялық өнімдер туралы өзекті ақпаратты алуы үшін қажет. Сонымен қатар, бұл тәсіл қаржылық және уақыттық шығындарды, соның ішінде химиялық өнімдердің қауіпсіздік паспорттары сияқты регламент талаптарына сәйкестігін бағалау үшін құжаттарды дайындау процесін азайтуға көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив