Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды

8-08-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Хоким Холикзоданың тең төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысы өтті.

Пленарлық отырысында сөз сөйлеген Роман Скляр Үкіметаралық комиссия Қазақстан мен Тәжікстанның өзара іс-қимылының маңызды құралына айналғанын, оның күн тәртібінде екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетудің, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың, сондай-ақ инвестициялық әлеует пен өңіраралық байланыстарды кеңейтудің маңызды мәселелері бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Хоким Холикзода бұндай маңызды жиын сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда қарқынды дамып келе жатқан, екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

Отырыс барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Роман Скляр комиссияның жұмысы, ең алдымен, алдағы жоғары деңгейде өтетін кездесулерді мұқият дайындауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті 20-шы отырысы 2026 жылы Тәжікстанда өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив