Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Облыс әкімі Берік Уәли «Комитет Полигон-21» қоғамдық ұйымының төрағасы Марат Құрманбаймен кездесті

13-08-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Жүздесуде 29 тамыз – Семей полигонының жабылған күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары мен ұйымның жаңа бағдарламасы таныстырылды. Марат Құрманбай ұйым тарапынан бірқатар бастамалар мен ұсыныстарын ортаға салды.

Өз кезегінде Берік Уәли бұл бағытта әкімдік атқарып жатқан жұмыстар жөнінде айтып, өңірде ядролық сынақ зардаптарын жоюға, тарихи әділеттілікті дәріптеуге және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шаралардың жалғасатынын атап өтті.

Аймақ басшысы қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеудің маңызына тоқталып, алдағы уақытта да ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив