Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

АҚКӨЛ МЕШІТІ

Бесқарағай ауданының Ақкөл ауылындағы бір ғасырдан астам тарихы бар сәулет ескерткіші. Оның ерекшелігі, ағаштан салынған ғимаратта бірде-бір шеге қолданылмаған. Көненің көзіндей болған ескі мешітті 1905-1907 жылдары татар көпесі Сұлтан қажы Фазылбеков салған. Ескі мешітті Республикалық Омбы-Майқапшағай тас жолынан көруге болады. Ағаш құрылымы бірегей, құнды ағаш түрлерінен салынған.  Ағаштарды арнайы Ресейдің ормандарынан әкелінген деген деректер кездеседі.  Мешіт құрылысы кезінде Сұлтан қажы сол кездегі ең үздік башқұрт сәулетшілерін шақыртқан. Мешіт ретінде ғимарат 10 жылдан астам уақытқа созылды. Кеңес заманында дінге тыйым салынды және мұнда бастауыш мектеп орналастырылды, кейінірек ғимарат кітапхана, ауылдық клуб ретінде қызмет етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив