Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Облыс әкімінің бірінші орынбасары инвесторлармен кездесті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар делегациясымен кездесу өткізді.

Делегация құрамына «КазНацПроект» ЖШС, «Юг-Сапа Сервис» ЖШС, «RiYeGou» ЖШС, «Commere Line» ЖШС және «Red Coast» ЖШС өкілдері кірді. Сапардың негізгі мақсаты – төрт негізгі бағыт бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау: тау-кен өндіру өнеркәсібі, ағаш өңдеу, өнеркәсіптік құрылыс және ауыл шаруашылығы дрондарын өндіру.

Келіссөздер өзара түсіністік пен сенім жағдайында өтіп, тараптар аймақ экономикасын дамытуға, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив