Үржар ауданында зардап шеккен балаларға үздік мамандар медициналық көмек көрсетуде

Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға бүгінгі күні барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлы бригада толық диагностикалық тексерулер жүргізіп, науқастардың жағдайын бағалап, ота жасау жоспарын құрды.
Қазір стационарда үш бала ем алуда: олардың бірінің жағдайы – өте ауыр, екеуінің жағдайы – ауыр, бірақ тұрақты.
Балалардың жағдайының ауырлығы алған жарақаттарымен байланысты. Дәрігерлер балаларға ми-бас сүйек жарақаты, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың жарақаттарын анықтады.
Балалардың жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін оларды әуе борттарымен Астанаға жеткізу мәселесі шешілетін болады.
Қазіргі уақытта дәрігерлер бригадасы бір пациентке миға күрделі нейрохирургиялық ота жасап жатыр, ал ішкі ағзалардағы қан кету тоқтатылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-транспорттық ұшағы құрамында нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар медициналық бригадамен ұшып келген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Балаларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде, еліміздің үздік мамандары жұмылдырылған.