Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.33 626.99 6.71

ЖЖМ нарығындағы жағдай тұрақты: Үкіметте ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен отандық ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша кеңес өткізді.

Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңы облыстарындағы мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, қажетті отын қоры жеткілікті. 

Жиын соңында Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу және мемлекеттік шекарада бақылауды, оның ішінде өңірлерде тауарлар қозғалысы мен отын шығынына мониторинг жүргізу арқылы бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Роман Скляр мемлекеттің басты міндеті ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету екенін атап өтті. Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылықтың пайда болуына жағдай жасамауы керек.

Аталған мәселе Үкіметтің бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив