Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семейде 4 жыл ішінде жылу көздері мен жылу желілерін қайта құру бойынша 30 жоба іске асырылады

11-04-2023, 13:51 018.kz

Олардың бірнешеуі бойынша қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Семей жылу желілерін қайта құру бойынша алты жобаның құны 3,3 млрд теңгені құрайтынын хабарлады. Бұл жобалар республикалық бюджетті нақтылау кезінде қолдау тапты,- деп хабарлайды 018.kz редакциясы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірді дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспары шеңберінде 95,5 млрд теңге сомасына жылу көздерін қайта жаңарту бойынша 11 жобаны және 51,5 млрд теңге сомасына жылу желілерін қайта жаңарту бойынша 19 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімі басталғанын атап өтті. 

«ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО-3 құрылысының ТЭН әзірлеу рәсімі басталды. Жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жоспарланған жылу қуаты, алдын-ала есептеуге сәйкес, сағатына 1200 Гкал және электр қуаты - 360 МВт құрайды», - деп редакцияның сұрауына жауап береді. 

ЖЭО құрылысы Семей қаласының оң жағалауындағы жылу энергиясының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив