Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Жас қаламгерлерге арналған әдеби шеберлік мектебі басталды

25-08-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы өз жұмысын бастады. Биыл екінші рет ұйымдастырылған бұл бастама «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша іске асырылып отыр.

Жобаға еліміздің әр өңірінен 20 жас қаламгер қатысып, он күн бойы шығармашылық шеберліктерін жетілдіреді. Бағдарлама барысында отандық және шетелдік қаламгерлер, сондай-ақ әдебиеттанушы ғалымдар дәріс оқып, тәжірибелерін бөліседі.

Сонымен қатар әдеби шеберлік мектебіне ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де тартылып, қатысушыларға әдебиет пен ғылым тоғысындағы тың бағыттар ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив