Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу бойынша 304 бұзушылықтарды анықтады

11-04-2023, 17:49 018.kz

Абай облысы прокуратурасының органдары бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығына, атап айтқанда жүйелі бұзушылықтарды анықтауға және олардың заңсыз игерілуіне жол бермеуге ерекше назар аударады.

Ағымдағы жылы 17,6 млрд. теңгеге 304 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 12,7 млрд. теңгеге астам сомаға 55 заңсыз сатып алудың алдын алынды.

Әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға, оның ішінде 1 аудандық маңызы бар қаланың әкімі, тәртіптік жауапкершілікке 27 тұлға, оның ішінде 2 кент әкімі және 2 аудандық Бөлім басшысы тартылды.

Ең жиі бұзушылықтар сатып алуды өткізудің тиісті емес тәсілімен, оларды міндетті болған кезде жобалық-сметалық құжаттамасыз жариялаумен, бәсекелестік ортаны болдырмайтын жоғары талаптар қоюмен байланысты.

Сондай-ақ бюджетті тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды.

Мысалы, 440 млн. теңгеге жолдарды орташа жөндеуге конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшелікте жол учаскесі көрсетілген, бұл бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жөндеуі жоспарланған.

Прокуратура актісі бойынша конкурс тоқтатылды, бөлінген 294 млн.теңге жолдың басқа мұқтаж учаскесін жөндеуге қайта бөлу жоспарлануда.

Басқа жағдайда, көшені жарықтандыру жұмысы жоспарланған, дегенмен іс жүзінде мүлде жасалмаған және оны салуды қажет етеді.

Бұл конкурс хабарландыру сатысында тоқтатылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив