Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Көкпекті ауылынан Семейге қоғамдық көлік қатынай бастады

4-09-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

2 қыркүйектен бастап «Семей – Көкпекті – Теректі» бағытында «Mercedes Benz Sprinter» маркалы микроавтобус қатынай бастады.

Қоғамдық көлік аптасына үш рет, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жолға шығады. Осылайша, аудан тұрғындары облыс орталығына қолжетімді әрі ыңғайлы қатынау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Көкпекті ауданында маршруттық автобустар мен микроавтобустар қатынамаған.

Қазіргі таңда «Көкпекті – Семей» бағытындағы такси қызметінің құны шамамен 6 мың теңге болса, жаңа маршрутта жол ақысы 3 мың теңге болып белгіленді. Бұл тұрғындардың шығынын азайтып, әлеуметтік тұрғыда үлкен қолдау болып отыр.

Сонымен қатар биыл Көкпекті ауданында «Шұғылбай – Көкпекті» бағытында маршруттық «Газель» іске қосылды. Бұдан бөлек аудан орталығы – Көкпекті ауылында ауылішілік қоғамдық көлік қызметі жолға қойылды.

Жаңа бағыттардың ашылуы аудан халқының қатынауына қолайлы жағдай жасап, ауылдар арасындағы байланысты нығайтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив