Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

10-09-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданында 3 Мәдениет үйі мен 11 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Медициналық мекемелердің құрылысы толық аяқталып, құжаттандыру рәсімдері атқарылып жатыр. Жақын уақытта нысандар пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзу бассейнінің құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта жұмыстың 45 пайызы орындалған, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бүгінде ауданда 6 спорт секциясы жұмыс істейді, 7500-ден астам тұрғын тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуда. Жаңа жүзу бассейні бұқаралық спорттың дамуына, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына айтарлықтай серпін бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив