Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Ақсуат ауданы оқушысы республикалық сурет байқауында үздік атанды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы, Ақсуат ауданы Қожагелді батыр атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Нұралы Нұрболатұлы ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Балалар шығармашылығындағы Конституция» республикалық сурет байқауында үздік отыздыққа енді.

Байқау ҚР Конституциялық Сотының бастамасымен, ЮНИСЕФ Қазақстанның қолдауымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Нұралы байқауға «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбындағы жұмысын ұсынып, Алғыс хат пен мерекелік медальонға ие болды. Оның жұмысы арнайы көрмеге қойылып, үздік жас суретшілердің туындылары қатарында таныстырылды.

Сонымен қатар Ақсуат ауданынан тағы үш оқушы – 9-сынып оқушысы Еркежан Мейіржанқызы, 8-сынып оқушылары Кәусар Саматқызы мен Айзере Аскербекова қатысып, сертификат және «Балдәурен» оқу-жаттығу лагеріне жолдама алды.

Жас суретшілер өз еңбектерінде Конституция құндылықтарын – адам құқықтары, еркіндік пен әділдікті бейнеледі.

Жетекшілері: Амангул Сұлтанбекова, Нұргүл Оспанова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив