Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

21 806 аула араланып, екі мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

2025 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Абай облысы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. 

Учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен кездесіп, заңнама нормаларын түсіндірумен қатар, олардың өтініштерін сол жерде қабылдауда. Іс-шара барысында 21 806 тұрғын үй секторы қамтылды, оның ішінде 9 900 пәтер мен 11 906 жеке үй бар.

791 азаматтық қару иесі тексеріліп, заңнама талаптарын бұзудың 7 дерегі анықталды, тіркелмеген бір атыс қаруы тәркіленді. Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 1 981 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Ювеналдық полиция инспекторлары көшелерде патруль жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын өткізіп, түнгі уақытта бақылау орнатуда. Полицияға 33 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, олардың 11-і Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 7 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде жүргені үшін 110 азамат, медициналық емес мақсатта есірткі қолданғаны үшін 3 азамат ұсталды.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстардың алдын алып, құқық бұзушыларды дер кезінде ұстауда. Миграциялық қызмет бөлімшелері көші-қон ағымдарын қатаң бақылап, Қазақстан аумағының заңсыз мақсатта пайдаланылуына жол бермеуде.

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы полицияның барлық қызметтерінің күшін біріктіріп, құқықтық тәртіпті қорғауға, азаматтарды қорғауға және өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив