ИКАО авиациялық қауіпсіздік және рәсімділікті ықшамдау аудитінің алдын ала нәтижесі туралы мәлім етті

Қазақстанда ИКАО авиациялық қауіпсіздік аудитінің қорытындылары шығарылды. ИКАО халықаралық сарапшылар тобының жетекшісі Ваин Каллум алдын ала аудиторлық есеп берді.
Аудит нәтижелері бойынша халықаралық сарапшылар келесі бағыттар бойынша 2017 жылғы аудитпен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілікті атап өтті:
1) ұлттық заңнаманың ИКАО стандарттарына және ұсынылатын тәжірибелеріне сәйкестік деңгейі;
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі;
3) азаматтық авиация субъектілерінің заңнама талаптарын іс жүзінде орындауы;
4) кадрларды даярлау;
5) халықаралық тасымалдаулардағы формальдылықты оңайлату.
Брифинг барысында ИКАО аудит тобының басшысы Ваин Каллум қазақстандық мамандарға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, әуежайлар мен әуе компаниялардың келісілген іс-әрекеттерін атап өтті.
«2017 жылғы аудиттен бері көп жұмыс атқарылды. Бүгін біз алдын ала мәліметтер туралы айтып отырмыз, аудиттің соңғы нәтижелері ағымдағы жылдың 15 қарашасында белгілі болады. Бірақ кейбір тармақтар бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді деп айта аламын, бұл Қазақстанды халықаралық авиациялық қауіпсіздік рейтингінде жоғары орынға шығарды», – деді В.Каллум.