Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

Роман Скляр ҚХР-дың құрылғанына 76 жыл толуына арналған қабылдауға қатысты

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігіндегі дипломатиялық қабылдауға қатысты.

Өз сөзінде Р. Скляр Қытай халқын айтулы күнмен құттықтап, екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқан өзара қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

Вице-премьер Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық екі ел көшбасшыларының жеке байланыстарының арқасында белсенді нығайып келе жатқанын ерекше атап өтіп, биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған сапарларына тоқталды. Бұл сапарлар барысында екіжақты қатынастарды жаңа мазмұнмен толықтыруға бағытталған маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін хабарлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив