Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Ақсуат ауылында жаңа аллея салынып жатыр

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесінің бойында салынып жатқан аллеяның құрылысымен танысты.

Жаңа аллеяның жалпы ауданы – 7 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстары биылғы 15 маусымда басталған.

Аллеяда балалар алаңы салынған, енді жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, орындықтар, жарық шамдары мен гүлзарлар, субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, түрлі ағаштар мен сәндік бұталар отырғызылады. Құрылысқа 5 техника, 17 адам жұмылдырылған.

Аймақ басшысы аллеяны аралап көрген соң ауыл тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Аллеяға 100 түп шырша және қарағай көшеттері егілді.

«Бұл аллея тұрғындардың тынығуына қолайлы, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін заманауи демалыс орны болмақ. Жақсы саябақ. Тура орталықта, жолдың бойында орналасқан. Балаларға арналған ойын алаңдары бар. Аудан орталығының көркін келтіріп тұр. Мердігерге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырамын»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив