Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Облыс әкімі Қызылкесік ауылында болды

22-09-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданының шалғайдағы ауылдарының бірі Қызылкесікте болды.

Қызылкесік аудан орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. Аймақ басшысы ауылдағы «Еркеназ» балабақшасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Балабақшада 3 топта 75 бала тәрбиеленуде. Мекемеде 26 қызметкер еңбек етеді. Балалар үш жас ерекшелігіне қарай бөлінген.

Қазіргі уақытта балабақшаға 15 бала кезекте тұр. Осыған байланысты ғимараттың пайдаланылмай тұрған бөлігі аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа жөндеуден өткізіліп, кеңейтіліп жатыр. Сондай-ақ баланы дамыту орталығын ашу жоспарланып отыр. Онда спорт зал, робототехника, құмтерапия кабинеттері жұмыс істейтін болады.

Аймақ басшысы балабақшаны аралап, жүргізіліп жатқан құрылысты көріп, мердігерлерге жұмысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив