Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сарыарқаны сергелдеңге салған мәселелері шешімін табады ма?

13-04-2023, 12:27 018.kz

Мақалаға тұздық болып отырған Сарыарқа ауылы - Аягөз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде, Еспе өзенінің сол жағасында орналасқан.

Іргетасы 20 ғасырдың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. Әкімшілік құрамына Сарыарқа, Биесимас ауылдары кіреді.

Сарыарқаның қазіргі күні сергелдеңге салған мәселелері шаш етектен. Солардың қатарында жол мәселесі мен интернет желісі бар. Десек те, әлі күнге дейін өзегін жоғалтпаған мәселе ол – байланыс жүйесі болып тұр. Ауылда интернет желісі дұрыс тартылмаған, соның салдарынан телефонмен сөйлесудің өзі мұң.

«Бұл мәселелердің барлығы қазіргі күні шешімін таппай жатыр. Интернет желісі дұрыс тартылмағанның салдарынан мәдениет үйінің маңын жағалап қыста тоңып, жазда күйіп тұрамыз. Осы мәселелердің барлығы тек сөз жүзінде ғана емес іс жүзінде көрінсе», - дейді ауыл тұрғындары.

Ауылда интернет мәселесі шешімін тапса, қазіргі дамыған заманда кез-келген ауыл тұрғынының жұмысы жеңілдейтіні сөзсіз. Әсіресе мектеп оқушыларына өте тиімді болатын еді. Себебі жыл сайын мектеп бітіретін түлектерге интернет мәселесі қиындығын тудырады. Осы мәселелер өз шешімін тапса ауылымыз одан әрі дамып, гүлденетіні сөзсіз.

Гүлнұр ЮСУПЖАНОВА

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив