Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Астана қаласында Абай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Жәрмеңкеде Абай облысының Семей қаласы мен барлық аудандарының ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін ұсынуда.

Жәрмеңке аясында жалпы көлемі 350 тоннадан астам 20-ға жуық өнім түрі саудаланады. Атап айтқанда: 130 тонна сиыр, жылқы және қой еті, 4 тонна құс еті, 80 тонна көкөніс өнімдері (картоп, сәбіз), 1 тонна өсімдік майы, 7 тонна сүт өнімдері, 70 тонна бал, 4 тонна ұлттық тағамдар, 2 тонна қымыз, 2 тонна шұжық өнімдері және 50 тонна бақша өнімдері сатылатын болады.

Абай облысының өнімдері сапасымен, экологиялық тазалығымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жоғары сапалы әрі дәмді өнімдерді қолайлы бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар келушілер назарына Абай елі өнерпаздары «Абай елі – өнер кеніші» атты концерттік бағдарлама ұсынуда. «Дала сазы» этно-фольклорлық ансамблі, «Тұмар» би ансамблі, «Дала үні» акаппеласы, «Самғау» тобы және филармония мен эстрада-симфониялық оркестрдің солистері өнер көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив